USD
USD
USD

ДӘСТҮРЛІ САНАҚ: ИНТЕРВЬЮЕРЛЕР ҮЙЛЕРДІ АРАЛАУДА

Әл-Фараби ауданында дәстүрлі санақ жұмыстары 1 қазанда басталған болатын.

ДӘСТҮРЛІ САНАҚ: ИНТЕРВЬЮЕРЛЕР ҮЙЛЕРДІ АРАЛАУДА
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бүгінде аудан аумағы 28 учаскіге бөлініп, онда орам басқарушылары мен еріктілерден құралған 28 нұсқаушы-бақылаушы мен 192 интервьюер жұмыс атқаруда.

Аудан әкімі Рашид Мыңбаев көпқабатты және жеке үйлерге санақшылармен бірге барып, тұрғындарды санаққа тіркеу процесін жіті бақылады. Аудан әкімі азаматтарға елімізде өтіп жатқан демографиялық және саяси маңызды іс-шарада белсенділік танытуға шақырды.

Одан бөлек, Әл-Фараби ауданында адам көп шоғырланатын 10 нүктеде тұрғындардың онлайн санақтан өтуі үшін өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылып, санақшылар азаматтарға арнайы сілтеме арқылы санаққа онлайн қатысудың тәсілдерін түсіндіруде.

Қала тұрғындарына санақшыларға ашық мәлімет ұсынып, санақтың әділ өтуіне ықпал етуін сұраймыз.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек