USD
USD
USD

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы дебюттік голын соқты

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық «Челси» сапында дебют жасап, алғашқы голын соқты.

.
Фото: матчтан үзінді

Астана, NEGE. 17 жастағы футболшы Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы жолдастық кездесуде есеп ашты. Сәтпаев қарсылас қақпасын матчтың 6-минутында дәл көздеді.

Бұл – қазақстандық ойыншының «Челсидің» негізгі құрамында алғашқы минуттан бастап алаңға шыққан алғашқы матчы. Ол команданың маусым алдындағы турнесінде 36-нөмірмен өнер көрсетіп жүр.

Кездесу 28 шілдеде Сиднейдегі «Аккор» стадионында өтіп жатыр. Сәтпаевпен бірге негізгі құрамда Тедди Шарман-Лоу, Джош Ачимпонг, Тайо Субулойе, Тосин Адарабиойо, Лэндон Эменало, Дариу Эссугу, Реджи Уолш, Реджи Уотсон, Лиам Делап және Райан Кавума-Маккуин алаңға шықты.

Дастан Сәтпаев – «Қайрат» академиясының тәрбиеленушісі және Еуропаның топ-5 лигасына кіретін беделді клубпен келісімге келген алғашқы қазақстандық футболшы.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram