USD
USD
USD

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

«Бернли» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның жастар құрамасымен кездесті. Ол отандастарына алдағы ойындар алдында сәттілік тіледі.

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы
Фото: NEGE/Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

Астана, NEGE. Қазақстанның U-21 құрамасы 25 қыркүйекте Еуро-2027 іріктеу кезеңінің сегізінші турында сырт алаңда Англияның жастар құрамасына қарсы ойнайды.

Матч алдында Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасы орналасқан қонақүйге барып, команда ойыншыларымен жүздесті. Бұрын «Қайрат» сапында өнер көрсеткен шабуылшы қазақстандық футболшыларға Англияға қарсы кездесуде, сондай-ақ 29 қыркүйекте Ирландиямен және 6 қазанда Молдовамен өтетін сырт алаңдағы ойындарда сәттілік тіледі.

Сәтпаевтың өзі жарақатына байланысты ұлттық құраманың алдағы төрт ойынына қатыса алмайды. Осы себепті ол Қазақстанның ұлттық құрамасының қатарынан уақытша шет қалды. 

Сондай-ақ Сәтпаев жарақатынан айығып жатқандықтан, «Бернли» сапында да әзірге алаңға шықпай жүр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев