USD
USD
USD

Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» дебюттік голы үздік деп танылды

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың «Челси» сапындағы алғашқы голы Аустралиядағы Sydney Super Cup 2026 турнириндегі үздік гол деп танылды.

Дастан Сәтбаев
Фото: instagram.com/chelseafc

Астана, NEGE. Аустралияның кәсіби футбол лигасы – A-League өз Instagram-дағы парақшасында Sydney Super Cup маусымалды турниріндегі үздік голдардың тізімін жариялады. Тізімге «Челси» мен «Вестерн Сидней Уондерерс» арасындағы кездесуде соғылған бес гол енді. Бұл матч Дастан Сәтпаевтың ағылшын клубы сапындағы дебюті болған еді. Ол қарсыластың қақпасына матчтың 6-минутында гол соққан болатын.

Үздік голдар тізімінде бірінші орынға Қазақстан ұлттық құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың «Челси» жейдесіндегі осы алғашқы голы лайық деп танылды. 

Сондай-ақ үздік голдар қатарына Матис Тельдің «Сидней» қақпасына соққан добы, Айдан Хэммондтың «Челсиге» қарсы матчтағы голы, Дариу Эссугудың «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасына енгізген добы және Дилан Шиклунаның «Челсиге» қарсы кездесудегі голы енді.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу