USD
USD
USD

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Алматылық «Қайрат» клубының және Қазақстан ұлттық футбол құрамасының ойыншысы Дастан Сәтбаев FIFA Series 2026 аясындағы наурыз айындағы матчтарға қатыспайды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Дастан Сатпаев
Фото: @kff_team/Instagram

Алматы, NEGE. Бапкерлер штабының шешімі бойынша Дастан Сәтпаевтың орнына ұлттық құрама сапына Оралхан Өміртаев қосылады.

– «Челси» клубының медициналық штабынан Дастан Сәтбаевтың қазіргі жағдайы мен наурыздағы халықаралық үзіліс кезінде толық қалпына келуі керектігі туралы ұсыныс алдық.

Қазақстан құрамасының медициналық штабымен бірге талқылап, жағдайды бағалағаннан кейін, ойыншының толық қалпына келуіне мүмкіндік беру туралы шешім қабылдадық.

Сәтбаевтың орнына Қазақстан құрамасына қазіргі таңда жақсы формада жүрген Оралхан Өміртаев шақырылды. Ол ұлттық құрама алдындағы міндеттерді орындауға дайын, – деді ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Астанада өтетін FIFA Series 2026 турнирінде бақ сынайды. Алғашқы ойын 25 наурызда «Астана Аренада» Намибияға қарсы өтеді. Матч 17:00-де басталады.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мұғалімді ұрған

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

алаяқтық

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

.

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады

ЛРТ