USD
USD
USD

Дастан Рыспеков Ұлытау облысы әкімі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дастан Рыспеков Ұлытау облысы әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда. 

Дастан Рыспеков
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Дастан Рыспеков облысты 2024 жылғы 9 қазаннан бері басқарып келді.

Ол 1984 жылғы 23 маусымда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару», ҚазМЗУ Алматы заң академиясын «Құқықтану»  мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған, мемлекеттік басқару магистрі.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.

Әр жылдары Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы,  «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалғанға дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы