USD
USD
USD

«Дәрмек» жедел алдын алу шарасы нәтижелі болды

Шығыс Қазақстан облысында 16-20 қараша аралығында «Дәрмек» жедел алдын алу шарасы өткізілді.

«Дәрмек» жедел алдын алу шарасы нәтижелі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шара барысында тәртіп сақшылары есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтауға күш салды.

Өскемен, Семей, Риддер қалаларында және Көкпекті ауданында прекурсор қолданатын кәсіпорындарды тексеру барысында техникалық нығайтылу талаптарының бұзылғаны тіркелді. Осылайша, мекеме басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

«Семей қаласындағы дәріханалардың біріндегі фармацевт құрамында кодеині бар дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатқан. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабына қайшы. Сондай-ақ Семейдегі мекеме басшыларының бірі қызметкерлеріне лицензиясының мерзімі өткен прекурсорларды сатқызған. Оған 400 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, 5 күн ішінде облыс бойынша есірткіге қатысты 15 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт