USD
USD
USD

Дәріні қымбатқа сатқандар анықталды

Қостанай облысында дәрі-дәрмекті негізсіз қымбаттатқандар анықталды. Енді бұл дәріхана иелері ірі көлемде айыппұл төлейді.

Дәріні қымбатқа сатқандар анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мамандар соңғы үш апта бойы аймақтағы дәріханаларды тексеріп жүр. Соның нәтижесінде кей дәріханалардың вирусқа қарсы және аурудың алдын алуға қажетті препараттардың бағасын тым көтеріп сатқандығын анықтаған. Мұндай жағдайлар Қостанай, Рудный және Арқалық қалаларында көп тіркелді. Бірақ аудандық дәріханаларда да келеңсіздіктер аз емес. 

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Ержанова: "28 шілдеге дейінгі аралықта департаментке әлеуметтік құқық бұзушылыққа қатысты өндіріске 24 материал келіп түсті. Екі материалға қатысты жеке тұлғаларға 35 мың тенге айыппұл салынды. Қалған 22 материал бойынша «кінәлі» деп танылғандар 4 миллион теңгеге жауапкершілікке тартылды", - деді.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны