Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Дәріні алып сатумен айналысқан Өскемен тұрғыны ұсталды

 Шығыс Қазақстан облысында астыртын дәрі-дәрмек сату дерегі анықталды. Полиция қызметкерлері қызу түсіретін препараттарды алып-сатумен айналысқан 45 жастағы Өскемен тұрғынын ұстады.

Дәріні алып сатумен айналысқан Өскемен тұрғыны ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Фармтауарлар өз бағасынан 5 есе қымбатқа сатылған. Құқық қорғаушылар дәрілердің заңсыз сатылу ошақтарын анықтау үстінде. Ал қоғамдық ұйым өкілдері мен антикор мамандары дәріханалар жұмысын ұдайы назарда ұстап отыр. Рейдтік тексерулер күнделікті жүргізіліп жатыр. Дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау үшін жергілікті билік дәріханалар желісімен меморандум жасасты. Келісімге сәйкес бір қолға парацетамол мен аспириннің тек 3 қорабы беріледі. Тұрғындар көп сұрайтын дәрілік заттардың келу кестесі көпшілікке алдын ала хабарланады.

Облыстық антикоррупциялық қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин: "Қаланың дәріханаларында аспирин, парацетамол сияқты дәрі-дәрмектердің бар болуы анықталды. Сонымен қатар цев-3, арбидол, азитромицин сияқты дәрілердің жоқтығы анықталып жатыр. Осыған байланысты қазіргі кезде тиісті шараларды біз әкімдік сонымен қатар біздің мининстрліктің алдын көтеретін боламыз" деді.

Қазір оқып жатыр

«Уахабист емеспін»: Бекболат Тілеухан діни ұстанымына қатысты жауап берді

экс-депутат

Қазақстанда 2 млн теңге жалақы қай саланың мамандарына ұсынылады?

Ақша

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе таксиі алғаш рет көкке көтерілді

 ұшқышсыз әуе кемесі

Отбасы банк ипотека бойынша ескі үйлерге қойылатын талаптарды жеңілдетті

Ипотека