USD
USD
USD

Дарынды оқушы қой шаруашылығын автоматтандыру жобасын әзірледі

Абай облысы Аягөз ауданындағы қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Бекнұр Айдарбек қой шаруашылығын автоматтандыруды ойлап тауып, шаруа қожалығына ұсынды.

Дарынды оқушы қой шаруашылығын автоматтандыру жобасын әзірледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Мақсат - Шопан ата төлін көбейту. Жобаның тиімділігі:

- замануи жабдықтарды пайдалану;

- жоғары сапа;

- аз шығын;

- қожалықтарды автоматтандыру арқылы шаруашылық жұмысын жеңілдету.

«Жобада қойшының жұмысын жеңілдету үшін жем, шөп науаға автоматтандырылған жүйе арқылы салынып, су мотор арқылы құйылады. Ферманың іші жарық, таза. Қойларды жаю үшін «электроқойшы» құрылғысын ұсынамыз. Құрылғы мобильді, басқа жайылымға апарып орнатуға да болады. 2 га жер сыммен қоршалып, қой сол қорғанның ішінде жайылады»,- дейді 8 сынып оқушысы Бекнұр Айдарбек. Бекнұр жобаны іске асыру кезеңінде қаражаттың жұмсалуын есептеп, экономикалық тиімділігін де көрсеткен, маркетингтік жоспарын жасаған.

«Жазғы, қысқы демалыс кезінде ауылға барып, атама көмектесемін. Шаруашылықта мал бағу, жем-шөп дайындау секілді жұмыс көп. Менің арманым — шаруашылықты автоматтандыруға қол жеткізу, бұл әкем мен атамның жұмысын жеңілдетер еді», - дейді Бекнұр.

Ол «Қой шаруашылығын автоматтандыру» жобасын мамыр айында өтетін фестивальға дайындауда.

Қазір оқып жатыр

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

Қазақстанда келер жылы ветеринарлардың жалақысы кемінде 420 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Ветеринар дәрігер