USD
USD
USD

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

Дарын

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды
Фото: NEGE.kz

«» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссия 19 жеңімпазды анықтады, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Биыл мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер 340-тан аса кандидатты ұсынды.

Оның ішінде 110 – «ғылым», 21 – «Дизайн және бейнелеу өнері», 27 – «Спорт», 49 – «Театр және кино», 12 – «Эстрадаv, 10 – «Журналистика», 28 – «Халық шығармашылығыv, 32 – «Креативті бастамалар», 28 – «Әдебиет», 30 – «Классикалық музыка».

Өтінімдерді іріктеу бойынша отырыстар 11-15 желтоқсан аралығында өтті. Комиссия құрамына түрлі салаларда елеулі табыстарға қол жеткізген 37 белгілі тұлға кірді.

Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы және диплом, төсбелгі мен ақшалай сыйлық 22 желтоқсанда өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде табысталады.

Биыл сыйлықты беру ережелеріне түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, қатысушылар 35 жасқа дейін ұлғайтылып, «Қоғамдық қызмет» номинациясы «Креативті бастамаларға» ауысты.

Номинация креативті индустрия саласын дамытуға мемлекет тарапынан ерекше назар аударуға байланысты өзгеріске түсті. Осы бағытты ынталандыру өңірлердегі бастамаларға жүйелі түрде назар аударуға, түрлі жобаларды анықтауға және оларды көтермелеуге, ең үздік идеяларды іске асыруға мүмкіндік береді.

«Дарын» сыйлығы 1992 жылдан бастап дарынды жастарды ғылыми, шығармашылық және спорттағы жоғары жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалған.

Әр жылдары түрлі саладағы 320-дан астам азамат аталған сыйлықты иеленген болатын.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар