USD
USD
USD

Дәріханаларда дәрі-дәрмек жеткілікті ме?

Елорда әкімдігі халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін уақтылы шаралар қабылдауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәріханаларда дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әкімдік қалалық дәріханаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің болуын үнемі қадағалап отырады. Елордада коронавирус инфекциясы жағдайларының көбеюіне байланысты вирустық инфекциялық аурулардың алдын алу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет. «Елордалық дәріханаларда тұрғындарға қажетті барлық дәрі-дәрмектер болуы керек. Дәрі-дәрмектердің негізгі ассортиментінің болуын бақылау қажет. Дәріханаларға дәрі-дәрмектерді уақтылы және жеткілікті мөлшерде сатып алу керек», – деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілері басшыларымен онлайн-кездесуде.

«Біз көтерме дәріхана ұйымдарына Нұр-Сұлтан қаласының дәріханалық ұйымдарына дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үздіксіз жеткізуді ұйымдастыруды тапсырамыз», – деп атап өтті Б.Мәкен. «Нұр-Сұлтан қаласының фармацевтикалық ассоциациясы» заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестігі директоры Гүлнарай Алмурзинаның айтуынша, кейбір дәрі-дәрмектердің тапшылығы байқалады. «Өткен аптадан бастап қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттар, азитромицин антибиотиктерін сатып алды. Біз анализ жүргізіп, дәрі-дәрмектердің 41 атауы көрсетілген кесте құрдық.

Мемлекеттік агенттіктің дәрі-дәрмектерді халыққа қанша мөлшерде таратуға болатындығы туралы меморандумға қол қоюға шешім қабылданды. Ал антибиотиктер мен рецепт бойынша дәрі-дәрмектер, бұрынғыдай, дәрігердің нұсқауымен ғана жіберіледі», – деді Г.Алмурзина. Сонымен бірге ол дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін ескере отырып, олардың балама нұсқалары барына назар аударды: «Панадол», «Эфералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган», олар дәріханаларда бар. 24 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырудың 3484 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2 501 науқас (69%) емделіп шықты және 38 өлім жағдайы (1,1%) тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

Сергей Филь

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Баспана

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

Астана

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған

Тоқаев, Элиманов