Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Дәрігерлерге үстемеақы төлеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында,  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық Басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.

Дәрігерлерге үстемеақы төлеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінде 16 мыңнан астам медицина қызметкері алдыңғы қатардағы жұмысқа тартылған. Қазіргі уақытта ковид стационарларында 2 549 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 496-сы дәрігер және 1 733-і орта және кіші медицина қызметкерлері. АМСК медициналық ұйымдарында 10 839 медицина қызметкері, оның ішінде 2 712 дәрігер, 925 мобильді бригадалардың медицина қызметкері, 220 call-орталықтың диспетчері жұмыс істейді. Жедел медициналық жәрдем қызметінде 3000-ға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді, бұл 180 бригада. 

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Бұйрығына сәйкес,  ай сайын нақты жұмыс істеген сағаттарына қарай,  медициналық ұйымдардың қызметкерлерінің өміріне қауіпті  топқа жататындарға үстемеақы төлеу жүргізіледі. 5 ай ішінде, яғни, наурыз айынан бері Алматы қаласы бойынша covid-19 - бен күресу кезінде  эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған ұйымдардың қызметкерлеріне үстемеақы төлеу сомасы 8 млрд 890 млн теңгені құрады", - деді К.Надыров.

 Мысалы, шілде айында медициналық ұйымдардың  барлығы 4 902 стационардағы  медицина қызметкерлеріне, емхананың 596  медицина қызметкерлеріне, 2 133 жедел жәрдем қызметінің медицина қызметкерлеріне төленді.

 Басқарма басшысының айтуынша, пандемия басталғаннан бері,   өмірлеріне қауіп төнген топқа жататын бірінші топтағы медициналық қызметкерлер тұрғын үймен, күніне үш рет тамақпен және көлікпен қамтамасыз етілген. 2 000-ға жуық медицина қызметкерлеріне Алматы қаласының 18 қонақ үйінен тұрғын үй берілді.

 

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант