USD
USD
USD

Дәрігерлерге үстемеақы бөлу үшін аймақта комиссия құрылды

Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді қаржылық тұрғыда қолдауды ұйымдастырып, қосымша ақыны бөліп беру мақсатында облыстардағы жергілікті атқарушы органдар тиісті комиссияны құрды. 

Дәрігерлерге үстемеақы бөлу үшін аймақта комиссия құрылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Комиссия қосымша ақыны қауіп тобына қарай бөліп береді. Жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін комиссияның құрамына аймақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері, облыстың денсаулық сақтау басқармаларының, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының, Nur Otan партиясының, кәсіподақтардың мүшелері енді. «Комиссия төрағасы - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының басшыларының орынбасарлары, ал комиссия төрағасының орынбасары қызметіне облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті денсаулық сақтау органының лауазымды адамдары тағайындалды», - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінен. Жергілікті атқарушы органдарда құрылған комиссияның толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Қазір оқып жатыр

LRT құрылысы: Астананың екі көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Астана

Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанды

Вячеслав Ким

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов