USD
USD
USD

Дәрігерлерге тиісті 30 млн теңгені өзара бөліп алған

Маңғыстауда короновируспен күрескені үшін берілетін үстемеақыны кеңсе қызметкерлері де алған. Атап айтқанда, облыстық аурухананың бухгалтерия, кадр мен экономикалық бөлімінің 14 қызметкері былтырғы эпидемия өршіп тұрған тамыз-қыркүйек айларында 30 млн теңгеден астам қаржыны өзара бөлісіп алған, деп жазды inbusiness.kz. 

Дәрігерлерге тиісті 30 млн теңгені өзара бөліп алған
Фото: NEGE.kz

Маңғыстау, NEGE.  Аталған қаражаттан бір қызметкерге 425 мың, біріне 850 мың теңгеден тиісіпті. Ең бастысы, олар тәулік бойына үйін көрместен ауруды жеңумен арпалысып жүрген дәрігерлерге төленуге тиіс болатын.  «Қазіргі күні үш адамға қатаң сөгіс берілді. Қылмыстық жауапкершілікке тарту жайы сотқа дейінгі тергеу амалдарының нәтижесінен кейін қарастырылады», - дейді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеушісі Иманмағзұм Шағырбаев.  

Облыстық аурухананың кінәсі дәлелденген қызметкерлері сөгіс және қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаларға тартылатын болады. Ал оның басшылығының заң бұзушылыққа қаншалықты қатысы барлығы анықталып жатыр. 
 

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Өртке оранған автокөлік

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты