USD
USD
USD

Дәрігерлердің кәсіптік қызметіне араласуға болмайды

 Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салынатын болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Дәрігерлердің кәсіптік қызметіне араласуға болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Медицина персоналының біліктілігін арттыру мақсатында кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуы, оның ішінде жұмыс берушінің есебінен біліктілігін арттыру; денсаулық сақтау қызметкерлерін клиникалық, фармацевтикалық практикаға және санитариялық-эпидемиологиялық қызметке жіберу үшін сертификаттау көзделген. Мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету үшін медицина және фармацевтика қызметкерлерін жергілікті бюджет есебінен біліктілік деңгейіне сәйкес қаржылай ынталандыру мен әлеуметтік қолдауға басым құқықтары қарастырылған», - деді «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс пен «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер енгізу жөнінде» ілеспе заң жобасын таныстырған министр.

Оның атап өтуінше, кодекске «медициналық оқыс оқиға» ұғымы және оны айқындау механизмі енгізіледі. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салу және араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу ұсынылады. Медициналық қызметтерді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында цифрлық денсаулық сақтау мәселелерін құқықтық реттеу көзделген. «Бүгінгі таңда, ақпараттық жүйелерде пайдаланушылардың құқықтары анық шектелген. Бұл нормалар медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді. Сонымен бірге, Кодекс жобасы мен басқа заңдарда жеке медициналық деректердің сапасы, сенімділігі мен құпиялығы үшін медицина және басқа қызметкерлердің жауапкершіліктері нақты көрсетілген», - деді Елжан Біртанов.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді