Дәрігерлерден зардап шеккендерге өтемақы төленуі мүмкін
Жұмыс барысында адам өліміне әкеп соқтырған іс-әрекеттері үшін медицина мамандарын жазалау шаралары жеңілдеуі мүмкін. Бүгін Мәжілісте «Денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Пациентке ауырлығы орташа зиян келтiрілсе, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады.
Адамға ауыр зиян келтiрілсе, 3000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу көзделген. Дәрігердің кінәсінен пациент қайтыс болса, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Басқа адамға «АИТВ» жұқтыруға әкеп соққан іс-әрекеттері үшін 5 жылға дейін «бас бостандығын шектеу» жазасы енгізілмек.
– Денесіне орташа немесе ауыр жарақат алып келетін болса, міндетті түрде қылмыстық қудалау органымен қылмыстық іс қозғалады. Тергеледі, сараптама тағайындалады. 317-баптың 3-4-ші бөліміне келер болсақ, кісі өліміне алып келетін зардаптар, бұл жерде біздің позициямыз нақты. Бұл жерде жария түрде қылмыстық іс жүргізілу керек. Себебі адам өмірі – мемлекетіміздің құндылығы. Кез келген факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті бағасын алу керек, – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.
Сонымен қатар енді дәрігерлерден зардап шеккен науқастарға өтемақы төленуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2018-2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардан 14 123 өтініш түскенін айтты. Оның ішінде жыл сайын 300-ге жуық іс медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауына қатысты қозғалады. Адам өлімі көбіне хирургияда, оның ішінде акушер-гинекологияда, жарақат алу бөлімдерінде және анестезилогияда тіркеледі, - деді министр.
Қазір оқып жатыр
2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды
«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады
Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін
«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды