Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Дәрігерлер жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасады

Түркістандық дәрігерлер жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасады.

Дәрігерлер жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан облыстық балалар ауруханасының кардиохирургтары жүрек ақауымен дүниеге келген сәбиді аман алып қалды. Алты сағатқа созылған күрделі отадан кейін сәби кардиохирургия бөліміне ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, туғанына небәрі үш күн болған нәрестеге жоғары технологиялық бірнеше ота жасалды. Соның бірі – жүрек тамырларының транспозициясын түзету операциясы.

Сәбидің салмағы небәрі 2400 грамм. Нәресте қалалық Перинаталдық орталықтан санавиация желісі бойынша ауыр жағдайда түскен. Оған құрамында кардиохирург, анестезиолог және перфузиолог дәрігерлері бар бригада күрделі радикалды операция жасады. Жоғары технологиялық ота - туабіткен жүрек ақауын жою үшін Лекомпте маневрімен негізгі тамырлардың артериялық ауыстырылуы сәтті аяқталды.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті