USD
USD
USD

Дәрігерлер жалақысы жарты миллион теңгеден асады

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов дәрігерлердің жалақысын көтеру жоспары жайында айтты. 

Дәрігерлер жалақысы жарты миллион теңгеден асады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қадамдарын мемлекет басшылығы ерекше бақылауда ұстап отыр. Мемлекет басшысы кезең-кезеңмен дәрігерлердің жалақысын көтеру міндетін қойды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге жетеді деп болжануда», – деп тоқталды бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елімізде 247 мың медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Осы орайда жалақыны көтеруді ескере отырып, 2021 жылға 222 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, 2022 жылы – 362 млрд теңге, 2023 жылы – 557 млрд теңге бөлінбек.

«2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңге болады. 2023 жылы 560 мың теңгеге дейін жетеді. 2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңгені құраса, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді», – деді Марат Шоранов.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.