Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Дәрігерлер жалақысы жарты миллион теңгеден асады

2023-2025 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көбейеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев айтып берді.

Дәрігерлер жалақысы жарты миллион теңгеден асады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша 2023-2025 жылға дейін дәрігерлердің жыл сайын жалақысын көтеру жоспарланып отыр. 2017 жылы дәрігерлердің айлығы 98 мың теңге болса, бүгінгі күні орташа жалақы 253 мыңға дейін жетеді. Ал 2025 жылы дәрігердердің орташа айлығы 550 мыңға дейін жетеді деп жоспарлап отырмыз», – деді Қ. Төсекбаев Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, 2018-2020 жылдары орташа медициналық қызметкерлердің де еңбекақысы өсіп келеді.

Мәселен, 2018 жылы олардың орташа айлығы 90 843 теңге болса, қазір – 161 281 теңге. Яғни, еңбекақы 56%-ға артқан.

Айта кетейік, Қазақстанда 4122 штаттық орынға дәрігерлер қажет. Әсіресе, анестезиолог-реаниматолог, терапевт, жалпы практикалық дәрігер, зертханашы дәрігер, акушер-гинеколог, инфекциялық дәрігерлер жетіспей жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі