USD
USD
USD

Дәрігерлер салмағы 530 грамм сәбиді аман алып қалды

Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері жансақтау бөлімінің қабырғасында шала туған сәбидің өмірі үшін 55 күн күресті. 

Дәрігерлер салмағы 530 грамм сәбиді аман алып қалды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Қыз бала 26-шы аптада дүниеге келген, салмағы 530 грамм. Қазір нәресте анасымен бірге үйіне шықты. 

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, сәби 26 күн өкпені жасанды желдету аппаратында болған. Содан кейін ол жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды.

«Бүгінгі таңда 1 келі 925 грамм салмаққа жетіп, нәрестенің жағдайы тұрақталды», – дейді орталықтың бас дәрігері Гүлнәр Нұрланова.

Өз кезегінде қыздың анасы Орталықтың медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Жүктілік патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Ермұханқызы Сейталиеваға және басқа да дәрігерлерге, барлық акушерлерге,тазалық жұмыстарын жүргізген медбикелерге үлкен алғысымды білдіремін. Баршаңызға көп рахмет! Балаларымызға көрсеткен көмегіңіз үшін рахмет. Дендеріңізге саулық, жақындарыңызға амандық тілеймін. Орталықтарыңыз гүлдене берсін», - деді қыздың анасы. Айта кетейік, жыл басынан бері орталықта 613 шала туған нәресте дүние есігін ашқан.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов