USD
USD
USD

Дәрігерлер Рамазан айы қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады

Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айы қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасады.

Дәрігерлер Рамазан айы қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Қоғам үшін маңызды діни мереке - қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Ол еліміздегі көп адам үшін үлкен маңызға ие. Қаланың барлық тұрғынынан мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз. Халықтың рухани, діни көзқарасына құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус бәрінің денсаулығына қауіп төндіреді", - деп ескертті Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Бас дәрігер қала тұрғындарына шектеу шараларын сақтауға және ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде үйде жиын өткізбеуге кеңес берді.

"65 жастан асқан адамдар тәуекел тобында. Осыған байланысты қасиетті ай кезеңінде ауызашарды тек отбасы ортасында өткізу ұсынылады. Пандемия кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау маңызды екенін ұмытпаңыз", - деп қосты ол.

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Өртке оранған автокөлік

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты