USD
USD
USD

Дәрігерлер коронавируспен күреске қайта дайындалады

Астана медицина университеті коронавируспен күреске қажетті медициналық мамандықтар бойынша дәрігерлерді қайта дайындау бағдарламасын әзірледі. Бұл туралы аталған оқу орнының кафедра меңерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрила Малтабарова айтты. 

Дәрігерлер коронавируспен күреске қайта дайындалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні Астана медицина университетінде зертханалық диагностикалау дәрігерлерін дайындау, індет талаптары бойынша қажетті өзге де мамандық дәрігерлерін қайта дайындау бағдарламасы әзірленді. Қайта дайындау жұмыстары осы жылдың 3 тамызынан басталады деп жоспарлануда. Еліміздің 7 өңіріне бағдарламаның дайындалғаны туралы ақпараттық хат жіберілді. Өтінім күтіп отырмыз. Біз жас мамандарды қабылдауға дайынбыз», – деді Нұрила Малтабарова.

Ал осы оқу орнының Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, инфекционист-дәрігер Баян Тұрдалина инфекционист, анестезиолог-реаниматолог болғысы келген дәрігерлерді қабылдауға дайын екендерін айтты.

Қазір оқып жатыр

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур