USD
USD
USD

Дәрігерлер баспаналы болды

Ақмола облысының Атбасар қаласында дәрігерлерге арналған 25 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 

Дәрігерлер баспаналы болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, пәтер кілтін тапсыру рәсіміне Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Аймақ басшысының айтуынша, әкімдік тарапынан қабылданып жатқан шаралардың арқасында соңғы екі жыл ішінде дәрігер кадрларына деген қажеттілікті бір жарым есеге қысқартуға мүмкіндік туды. 2021 жылы облысқа 72 жас дәрігер және 109 орта медицина қызметкері келді. Облыста барлығы 7 мыңға жуық медицина қызметкері еңбек етеді.

Жыл сайын денсаулық сақтау нысандарның материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсаруда. Тоғыз медициналық мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тағы 7 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Сонымен бірге, 6 емхана мен дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, сала қызметкерлерін бекіту бойынша тұрғын үй мәселесі шешілуде.

Қан орталығы ғимаратын аудан орталығындағы тұрғын үй ретінде жөндеу бойынша жоба осы жылдың жазында басталды. Жоспарланған жұмыстар мерзімінде аяқталды.

«Біз үшін бұл үлкен оқиға, бұл біздің аудан тарихында алғаш рет болып отыр. Осының арқасында қаламызға қажетті мамандарды тарту мүмкін болды, бүгін бірден 19 дәрігер пәтер кілтін алды, тағы 5 - резервтік. Әрине, бұл жас дәрігерлер үшін үлкен демеу. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына, сонымен қатар жаңа жыл қарсаңында тамаша сый болды»,-деп атап өтті Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Зарыққан Шаубаев.

Еске сала кетсек, облыс бойынша Көкшетау қаласында медицина қызметкерлері үшін 40 пәтерлі үй салынды, Егіндікөл және Жақсы аудандарында ғимараттар қайта бейінделді.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.