USD
USD
USD

Дәрігерге вирус науқастан жұққан ба?

Алматыда дәрігерлер коронавирусты пациенттерден жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты.

Дәрігерге вирус науқастан жұққан ба?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Барлық байланыста болған адамдарға диагноздарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Вирусты олар пациенттерден де жұқтыруы мүмкін, өйткені олар шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырып отырды. Олардың ішінде ауру белгілері білінбейтін пациенттер де болуы мүмкін», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған факті бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерін тексеріп-қарау бойынша барлық шаралар қолданылып жатыр. Барлық қалалық клиникалардың ішінде қызметкерлерді коронавирусқа міндетті түрде тексеріп-қараумен эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді. Айта кету керек, Алматыда 116 дәрігер коронавирус жұқтырғанын мұның алдында жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті