USD
USD
USD

Дәрігердің қателігінен болған науқастың өліміне үш миллион теңге төленеді

Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният денсаулық сақтау саласындағы сақтандыру мәселелері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізілген заң жобасын таныстырды.

Дәрігердің қателігінен болған науқастың өліміне үш миллион теңге төленеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онда сақтандыру компаниясының науқасқа келтірген зияны үшін өтемақы төлеу қарастырылған.

Мәселен, дәрігердің қателігінен қайтыс болғаны үшін 1000 АЕК, яғни үш миллион теңгеден астам өтемақы қарастырылған (бүгінде 1 АЕК - 3063 теңге).

- Төлеуден бас тартқан және қанағаттанбаған жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы. Сотқа жүгінген кезде ешқандай төлем жасалмайды, - деді министр.

Сақтандыру ақысының мөлшері медицина қызметкерінің жауапкершілік дәрежесін ескере отырып белгіленетін болады.

Бірінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін 800 АЕК, екінші топтағылар үшін 600 АЕК, үшінші топтағылар үшін 500 АЕК – бір жарым миллион теңгеден астам өтемақы қарастырылған. Мертігуге, жарақаттануға алып келген жағдайда, яғни пациенттің амбулаториялық немесе стационарлық емделуіне шығындары болса - 300 АЕК.

Министрліктің жоспары бойынша, медициналық ұйымдар 2023 жылдан бастап жеке сақтандыру компанияларымен шарттар жасайды. 2025 жылдан бастап ортақ негізде сақтандыруды медициналық ұйымдар мен қызметкерлер бөледі. Сақтандыру шарты бір жылға жасалады, оның барысында сақтандыру компания медициналық жағдайлар бойынша барлық төлемдерді жабады.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу