USD
USD
USD

Дәрігерді балағаттаған азамат қамауға алынды

Алматыда №7 клиникалық ауруханада күзетшіні соққыға жығып, дәрігерді балағаттаған 36 жастағы тұрғын қамауға алынды.

Дәрігерді балағаттаған азамат қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға 8 мамыр күні №7 қалалық клиникалық ауруханада болды. Алматы тұрғыны күзетшінің мұрнын сындырып, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тіл тигізді.

№7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі мәлім еткендей, ер адам ауруханаға түскен әйеліне ерекше қарауларын талап етті.

Қоғамдық орында және қызметтік міндеттерін атқару кезінде ар-намыс пен абыройын қорлағаны үшін дәрігер полицияға шағым түсірді.

Сот отырысынд ер адам кінәсін мойындап, құқық бұзушылық фактісін растады. Ол істеген ісіне өкініп, соттан қатаң жазаламауды сұрады.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы шешім қабылдады.

Сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Қазір оқып жатыр

Хуангтың Nvidia-ға оралуы компания құнын бір күнде $1 трлн-ға жуық өсірді

Дженсен Хуанг

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр