USD
USD
USD

Дәрігер Кавасаки синдромы балаларды қорғау жолдарын айтты

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Риза Боранбаева балаларда тіркеліп жатқан кавасакиге ұқсас синдром жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігер Кавасаки синдромы балаларды қорғау жолдарын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы жылдың наурыз айынан бері елде 2,5 мың бала коронавирус жұқтырып алды. Қазіргі уақытта балалардың коронавируспен ауыру жағдайы тұрақты. Балаларда коронавирус инфекциясынан кейін туындайтын мультижүйелі қабыну синдромы немесе кавасакиге ұқсас синдром бойынша да жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта бұл синдроммен тіркелген балалардың саны – 39. Олардың 60 пайызы емделіп, ауруханадан жазылып шықты. 40 пайызы ем алуда», - деп келтірілген Риза Боранбаеваның сөздері coronavirus2020.kz-Telegram-ында. Орталық басшысының айтуынша, кавасакиге ұқсас синдром анықталған барлық бала COVID-19-бен ауырғаны тіркелуде. Оның клиникалық белгілері – дене қызуының 38 градусқа дейін көтеріледі. Температура 24 сағатқа дейін сақталып, парацетамол, ибупрофен секілді ыстық түсіретін дәрілердің әсері болмайды. Сонымен бірге денеде бөртпе, іштің ауруы, диарея секілді белгілер пайда болып, тыныс алу жолдары зақымдалады, жөтел, тыныс жеткіліксіздігі, ентігу, жүрек тұсының ауыруы, конъюктивит пен алақанның домбығып ісінуі байқалады. «Ауруды үйде емдеудің қажеті жоқ. Себебі ол өте ауыр өтеді. Тіпті кейде интенсивті реанимациялық көмек те қажет болуы мүмкін. Сондықтан осындай ауру белгілері пайда болса бірден учаскелік дәрігерді шақыру керек», - дейді маман. Басқа аурудан қарағанда кавасаки барлық жастағы балаға қауіп тудыруы мүмкін. Тіпті 21 жасқа дейінгі жастардан да анықталып жатады. Бұл аурудың алдын алу үшін Риза Боранбаева мынадай кеңес береді: - эпидемияға қарсы барлық шаралар – маска режимі мен арақашықтық режимін қатаң сақтау; - адамдар көп шоғырланатын жерлерге, балалар алаңдарына, сауда орталықтарына бармау; - балаларға қолымен бет-жүзін ұстатпай, қолын жууға үйрету; - үйде ойыншықтарды тазалау; - жедел вирусты инфекциясының белгілері бар адамдарға жақындамау; - дұрыс тамақтанып, денеге қатты қысым түсірмеу.

 

Қазір оқып жатыр

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу

Шахмұрат Мүтәліп «Алтыналмастың» ірі акционерлерінің қатарына қосылды

Шахмұрат Мүтәліпов