USD
USD
USD

Дәрігер індетті жеңуге мүмкіндік беруін өтінді

 Бүгін түн жарымынан бастап Қарағанды облысында карантин ережелері тағы қатаңдай түседі, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл аурудың таралуын болдырмау мақсатында жасалып отыр. Себебі кенді өңір қазір COVID-19 жұқтыру бойынша елде 4-орында.

Дәрігер індетті жеңуге мүмкіндік беруін өтінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сақтық шаралары облыс орталығы мен 5 қала, сондай-ақ Бұқар жырау ауданының 5 елді мекенін қамтиды. Енді аталған карантиндік аймақта түнгі 12-ден бастап таңғы 5:00-ге дейін арнайы қызметтен өзге жеке көліктермен жүруге тыйым салынады. Ал Теміртау және Шахтинск қалаларында күндіз де жеке көлікпен жүруге рұқсат жоқ. Осыған қарамастан карантин ережелерін сақтамайтындар көп. Бүгін өңірдегі дәрігерлер атынан Қарлығаш Шариязданова есімді дәрігер көпшілікке үндеу жолдады.

Облыстық балалар клиникалық ауруханасы КМК директорының орынбасары Қарлығаш Шариязданова: "Мен сіздерден жалбарынып сұраймын, мүмкін болса үйде болыңыздар. Бізге бұл ауруды жеңіп шығуға мүмкіндік беріңіздер. Бұл вирустың таралуына жол бермейік. Балаларды да, үлкендерді де сақтап қалайық. Бәріміз аз ғана уақыт шыдап берсек, міндетті түрде жеңіп шығамыз" деді.

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu