Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Дариға Назарбаева Nur Otan партиясы атынан Мәжіліс сайлауына қатысады

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде партиялық тізіммен Мәжіліс депутаттығына кандидаттар бекітілді.

Дариға Назарбаева Nur Otan партиясы атынан Мәжіліс сайлауына қатысады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды.

Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері - 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды. Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты. Т

Тізімдегілердің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды.

Кандидаттардың қатарында Елбасының үлкен қызы Дариға Назарбаева, Үкімет басшысы Асқар Мамин, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есім, Мәжілістің қазіргі спикері Нұрлан Нығматуллин бар.

Қазір оқып жатыр

Алматы мен облыс тұрғындары жарықсыз қалды

Алматы

Қыркүйектен бастап Бозжыра шатқалына кіру ақылы болады

Бозжыра

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея