USD
USD
USD

Дариға Назарбаева КТК телеарнасын сатпақшы

«Дариға Назарбаева КТК телеарнасын сатып жатыр» деген қауесет негізсіз емес, шындыққа айнала бастағанға ұқсайды. Бұл туралы «БЕСсимптомно» Telegram-арнасы хабарлайды.

Дариға Назарбаева КТК телеарнасын сатпақшы
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Ақпанның 28-і күні Алматыда  «Коммерциялық телеарна» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді.

Күн тәртібі:

  • 1) «КТК» АҚ жарияланған акцияларының санын ұлғайту.
  • 2) «КТК» АҚ жарияланған акцияларын шығару проспектісіне өзгерістер енгізу және өзгерістерді уәкілетті органда тіркеу.

Бірінші кездесу өтпесе, екіншісі 1 наурыз күніне белгіленді.

«КТК» АҚ жай акцияларының санын көбейтіп, сол арқылы негізгі акционерлердің бірінің үлесін сейілтуі ықтимал. Яғни, осылайша КТК телеарнасының меншік иесінің ауысуына әкеліп соғуы әбден мүмкін» делінген хабарламада.

«КТК» АҚ-ның негізгі акционері – 91,35% акциясы бар Дариға Назарбаева басқаратын «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қоры.

Бұған дейін хабарлағандай, Дариға Назарбаеваның 18 ақпанда Алматыдағы КТК телеарнасына барғаны туралы ақпарат болған, бірақ арнаның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Одан кейін, Сергей Киселев «Еуразия» арнасынан кетіп, «Хабар» мен КТК иелері де ауысады деген ақпарат шықты.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік