USD
USD
USD

Дариға мен Әлия Назарбаевалардың күйеулері қызметтен босатылды – дереккөз

«ҚазТрансГаз» және «ҚазТрансОйл» ұлттық компанияларынан Дариға мен Әлия Назарбаевалардың күйеулері Шәріпбаев пен Досанов басшы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды orda.kz.

Дариға мен Әлия Назарбаевалардың күйеулері қызметтен босатылды – дереккөз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Дереккөздің айтуынша, тұңғыш президенттің күйеу балалары ұлттық компаниялардағы басқарушы лауазымдарынан босатылды.

Димаш Досанов – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры және басқарма төрағасы болған. Ол бірінші президенттің кіші қызына үйленгеннен кейін көп ұзамай 2016 жылы 6 тамызда жоғары лауазымға тағайындалды.

Шәріпбаев тұңғыш президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаевамен бас қосқан. Бұған дейін «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болған Қайрат Шәріпбаев қызметтен кетті.

«Самұрық-Қазына» қоры Назарбаевтың екі күйеу баласы – Досанов пен Шәріпбаевты қызметінен босатылғаны туарлы ресми түрде растады.

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік