USD
USD
USD

Дәрі-дәрмектің мөлшері азаймайтын 2 айлық қоры жасалды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда дәрі-дәрмектің мөлшері азаймайтын екі айлық қоры жиналатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрі-дәрмектің мөлшері азаймайтын 2 айлық қоры жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Президенттің тапсырмасы бойынша халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытында бірқатар шұғыл шара қабылданды. Біріншіден пандемия басталғалы бері өңірлер құны 14 млрд теңгеге дәрі-дәрмектің 91 түріне өтінім жіберді. 2020 жылдың 22 шілдесінде бүкіл елдегі инфекциялық және провизорлық стационарлардағы дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Бірыңғай дистрибьютор 11,4 млрд теңгеге дәрі-дәрмектің 91 түрін тиеп қоя берді», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында. Министрдің сөзінше елде дәрі-дәрмектің мөлшері азаймайтын екі айлық қорын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. «Бірыңғай дистрибьютор қазіргі уақытта сұранысқа ие, дәрі-дәрмектің құны 8,2 млрд теңгелік 44 түрін сатып алып жатыр. Бұл мөлшер стационарлардағы 60 мың науқасты емдеуге жетеді. Бұл бағыттағы шара дәрі-дәрмек резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмектің тізімі кеңейтілді», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC

Қазақстан «Теңізшевройлмен» келісімді ұзарту үшін $10 млрд талап етті

Теңізшевройл

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық