Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан тұрғын жауапқа тартылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес БҚО прокуратурасы құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп, дәрі-дәрмекпен алыпсатарлықты анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту бағытында жұмыс жүргізуде. 

Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан тұрғын жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО прокуратурасынан түскен мәліметке қарағанда, прокуратура, экономикалық тергеу департаменті, полиция департаменті қызметкерлерінен құралған жедел топ дәрі-дәрмекті жоғары бағамен сатудың 7 және рұқсат құжаттарынсыз өткізудің 3 дерегін анықтады. Атап айтқанда, 8 шілде күні экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында «Арбидол» препаратының 1 орамын 5 мың теңгеден сатылғанын анықтады. Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен аталған препаратқа 2312 теңге мөлшерінде шекті баға белгіленген болатын. Осылайша жосықсыз кәсіпкер Орал қаласы аумағында дәрі-дәрмекті 100 пайыз артық бағамен сатқан.

Дәріхана иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 426-бабы 1-бөлігіне сәйкес материал толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне берілді. Сондай-ақ У. деген азамат Цеф-3 антибиотиктерін рұқсат құжатсыз қайта сатып, заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысқан. Бұл азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 424-бабы 1-бөлігіне (заңсыз фармацевтикалық қызмет) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да демалыс күндері базарлар қызметі тоқтатылып, автобустар жүрмейтінін жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG

Сарапшылар азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өзара іс-қимылын талқылады

ҚҚДИ