USD
USD
USD

Дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан 12 дәріханаға қанша айыппұл салынды?

Бүгінде бұл мекемелерге салынған айыппұл көлемі 1 721 990 теңге. Жалпы мегаполис бойынша арнайы мобильдік топтар медициналық препараттардың саны мен бағасына үздіксіз мониторинг жасауда.

Дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан 12 дәріханаға қанша айыппұл салынды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал Алатау ауданы бойынша да өткізілген кезекті осындай рейд нәтижесінде дәріханалардың барлық талаптарға сай екені анықталды.

Аудан бойынша бүгінде 103 дәріхана жұмыс істеп тұр. Айта кету керек, карантин енгізілгелі бері мекемелер бойынша бірде-бір заңбұзушылық тіркелмеген. Бұл тыңғылықты жасалған түсіндірме жұмыстарының нәтижесі дейді аудан әкімінің орынбасары.

«Қазір бірде-бір факт ешқандай тіркелген жоқ. Ондай жағдай тіркеліп, бағасы көтеріліп жатқан жағдайда «ФармКонтроль» деген бар. Сол кісілермен бірлесіп, біз материалдың барлығын сол кісілерге береміз. Ары қарай оның жұмыс істеуін өздері шешеді», – деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әділет Тоқтасынов.

Ал аудан бойынша жалпы 12 мониторингтік топ күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, заңбұзушылық үшін 97 мыңнан 225 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Ақын Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті

Мұхтар Шаханов

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала