USD
USD
USD

Дәрі-дәрмектерді әлеуметтік желі арқылы сатпақ болған

Павлодарлық полицейлер дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың сегіз фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәрі-дәрмектерді әлеуметтік желі арқылы сатпақ болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты негізде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Осылайша, мониторинг жүргізу кезінде әлеуметтік желілердің бірінің бетінде заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі анықталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Ақырғыдан келесі дәрілік препараттар алынды: новокаин – бес бума (25 ампула), “цеф 3” – (25 ампула), 11 бума “зитмакс” (33 таблетка), левозин – бір дана (бес таблетка) және лидокоин – үш бума (15 ампула).

Осы факті бойынша елдің заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Басқа жағдайда Павлодар ауданы ауылдарының бірінде 6 шілде сағат 18.00-де рейдтік іс-шаралар жүргізу нәтижесінде Павлодар ауданының криминалдық полиция бөлімі мен жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен дүкенде дәрі-дәрмектерді сату фактісі анықталды. 42 жастағы ауыл тұрғыны азық-түліктен басқа, осы қызметке лицензиясы жоқ дәрілік препараттарды да өткізген.

ҚР ӘҚБК 424-бабы 1-бөлімі бойынша “Заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет” дүкеннің иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жиналып, Денсаулық сақтау органдарына жіберілді.

Алынған дәрілік препараттар пациенттерді емдеуде одан әрі пайдалану мақсатында тиісті органдарға берілетін болады.

Қазір оқып жатыр

200 мың доллар және миллиондаған рубль: шекарада қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік