USD
USD
USD

Дархан Жазықбаев – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

Дархан Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Дархан Жазықбаев – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалсын» делінген Президент жарлығында.

Дархан Жазықбаев 1976 жылы дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірген. Философ, философия пәнінің оқытушысы, заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң институтында, академиясында оқытушысы, Ішкі істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, ҚР ІІМ академиясы Кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы, Парламенті Сенаты Аппараты Әкімшілік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі; «KEGOC» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.

2019 жылғы маусымнан бері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

«Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат