USD
USD
USD

Дархан Сатыбалдының бауырлары Алматыда құрылыс жұмыстарын жүргізе ме?

Дархан Сатыбалды қаланы дамытуға арналған брифингте туған бауырларының Алматы қаласында тұрғын үйлер салатын-салмайтыны жөніндегі сұраққа жауап берді.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Алматы қаласының басшысы Дархан Сатыбалды БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере келе, бауырларымен арада келісім бар екенін атап өтті.

«Маған туыстарымның қызметіне қатысты осыған ұқсас сұрақ бірнеше рет қойылды. Мен сенімді түрде айта аламын: мен Түркістан облысының әкімі болған кезде де "Олар Түркістанға келе ме?" деген сұрақтар қойылды, бірақ олар ол жаққа кірген жоқ.

Шымкентте әкім болып тұрғанымда да дәл сондай сұрақ болды – олар Шымкентке де кірген жоқ. Алматыда да жағдай осындай. Мен жұмыс істейтін жерге қатысты олармен өзара келісім бар», – деді ол.

Дархан Сатыбалды бауырларының Алматыда құрылыс жүргізбейтініне сенімді түрде жауап берді.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі