USD
USD
USD

«Дархан Әскентай бізбен бірге жазаға тартылсын дедім» – Сотталушы Азамат Тоқтаубаев тергеу кезінде жалған айғақ бергенін айтты

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы басталды. 

Шерзаттың соты
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында айыпталушы Азамат Тоқтаубаевтан жауап алынып жатыр. 

Азамат Тоқтаубаев кешегі сот отырысында Шерзат Полат қаза тапқан күні оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сотталушы Азамат Тоқтаубайдың Дархан Әскентайға қатысты берген бірінші айғағына байланысты бірнеше сұрақ қойды.

Мемлекеттік айыптаушы: Сіз алғаш берген жауабыңызда «Дархан (Әскентай – ред.) ерегесіп тұрған балалардың біреуін ұрып жіберді» деген едіңіз. Кешегі сот отырысында бұл жауабыңызды қолдамайтыныңызды жеткіздіңіз, қобалжып тұрған кезде айтылды дедіңіз. Алайда екінші жауабыңызда да дәл солай жауап бергенсіз. Сол кезде қандай қалыпта болдыңыз?

Азамат Тоқтаубаев: Құрметті прокурор, ол сөзімді де қолдамаймын. Мен Дархан жайлы жалған айғақ бердім. 

Мемлекеттік айыптаушы: Не себепті жалған айғақ бердіңіз?

Азамат Тоқтаубаев: Дарханға ашулы болдым. 

Мемлекеттік айыптаушы: Не себепті ашуландыңыз?

Азамат Тоқтаубаев: Бұл іске Дарханның қатысы жоқ. Ешкімді ұрмады, қолында ешқандай пышақ болмады. Мен оны бізбен бірдей жазаға тартылсын дедім. Қазір ол берген жауабыма өкінемін. Дарханның біреуді ұрғанын көрген жоқпын, өтірік айғақ бердім. 

Мемлекеттік айыптаушы: Яғни, Дархан Әскентайға жалған жала жаптыңыз ба?

Азамат Тоқтаубаев: Жала жапқан жоқпын.

Мемлекеттік айыптаушы: Енді сіз көрсетіп тұрсыз ғой...

Азамат Тоқтаубаев: Өтірік айғақ бердім.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар