USD
USD
USD

Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушылардың қазіргі жағдайын баяндады

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының сағат 10:30 дағы мәліметі бойынша ауруханаға келіп түскен барлық пациенттер ҚР ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Ақтау
Фото: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, олардың біреуі анықталып, Әзірбайжан азаматы екені белгілі болды.
Сондай-ақ, санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді.

Жоғарыда аталған мамандардан басқа, Әзірбайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келді. 

Ақтау
Фото: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Барлық зардап шеккен науқастарға тексеру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ зардап шеккендермен және олардың туыстарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр.

​Бүгін 26.12.2024 жылы таңертең Ақтау уақытымен сағат 08:30-да Ресей Федерациясының ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация бортында Ресей Федерациясының азаматтары эвакуацияланды.

Қазіргі уақытта ауруханада 20 науқас бақылауда, оның 6-ы реанимацияда: 5-і МОБ ЦОР-да және 1-і Маңғыстау облыстық балалап ауруханасының реанимациясы бөлімінде. МОБ ЦОР-дан 2 пациент травматология бөлімшесіне ауыстырылды.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті