USD
USD
USD

Дәрігерді ұрып-соққандар 12 жылға дейін сотталады: Президент заңға қол қойды

Президент Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Аталған заң медицина қызметкерлеріне күш қолданып, қатыгездік танытқан адамдарға қолданылатын жазаны күшейтеді.

Енді медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілеріне күш қолданамын деп қорқытқаны үшін 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту көзделеді. Сондай-ақ 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған. Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Егер медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық жасалса, кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ал бұл әрекет ауырлататын жағдайларда жасалса, жаза мерзімі 7 жылдан 12 жылға дейін ұлғаяды.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев