USD
USD
USD

Данна Қарағұсова ғарышқа ұшты

Кәсіпкер Данна Қарағұсова ғарышқа турист ретінде барып қайтты.америкалық Blue Origin компаниясының New Shepard суборбиталық кемесімен ұшып, ғарышқа барған алғашқы қазақ әйелі атанды.

Данна Қарағұсова
Фото: instagram/blueorigin

Алматы, NEGE. New Shepard зымыраны 2025 жылғы 8 қазанда АҚШ-тың Техас штатындағы ғарыш айлағынан ұшырылды. Бұл Blue Origin компаниясының 36-туристік миссиясы болды.

Экипаж құрамында америкалық кәсіпкер Джефф Элгин, инженер және жасанды интеллект саласының зерттеушісі Клинт Келли III, стартаптар негізін қалаушы Аарон Ньюман, украиналық кәсіпкер Виталий Островский және аты-жөнін жарияламаған тағы бір жолаушы бар.

Данна Қарағұсова осы алты адамның ішінде болып, Қазақстан атынан ғарышты бағындырған тұңғыш әйел атанды.

Сапар 11 минутқа созылған.

– Мұны сөзбен айту мүмкін емес... Ғарыштан кейін басқаша болып ораласың – жаның ашылып, жүрегіңді шексіз ризашылық кернейді, - деп жазды Қарағұсова.

Ғарыш сапары алдында компания кеме ішінен түсірілген суреттерді жариялаған.

Естеріңізге сала кетейік, Данна Қарағұсова экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер