USD
USD
USD

Данияр Қайсанов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Данияр Қайсанов ресми түрде 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Данияр Қайсанов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында Қайсанов 74 келіде бақ сынап, франциялық Зелимхан Хаджиевке есе жіберген еді. Алайда Хаджиевтің допинг сынамасынан тыйым салынан зат табылды.

«Ересектер арасындағы әлем чемпионатында допингке қарсы ережелердің бұзылуына байланысты, сіздің салмақ дәрежеңіздегі рейтинг өзгертілді. Жаңа үлестірім бойынша, Сіз үшінші орын иеленіп, қола медаль аласыз. Сізді құттықтай отырып, алдағы мансабыңызға сәттілік тілейміз», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қайсанов пен Хаджиев арасындағы қола медаль үшін өткен белдесу 3:4 есебімен француздың пайдасына аяқталды. Қайсанов үшінші орын арқылы Қазақстан командасына лицензия әкелген болатын.

Қазір оқып жатыр

«Қаржыландыру қысқарса, әлемде ВИЧ індеті қайта өршуі мүмкін» – БҰҰ

ВИЧ

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана