USD
USD
USD

Данияр Елеусінов IBO нұсқасында әлем чемпионы атанды

Қазақстан кәсіпқой боксының жарық жұлдызы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Данияр Елеусінов IBO нұсқасында әлем чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe-jek сарайында өткен кәсіпқой бокс кешінің негізгі жекпе-жегі қазақстандық Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао арасында болды. 12 раундтық кездесудің екінші раундында Аргентина боксшысы қазақстандық қарсыласынан нокдаун алды. Рингтегі төреші үшінші раундта да «нокдаун» ашты. Қалған раундтар да Даниярдың толық басымдығымен өтті.

Алайда жекпе-жекті ерте аяқтауға сәтті бір соққы жетпей тұрды. Төрешілер шешімімен Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына лайық деп танылды. Бокс кешін бастан-аяқ «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетті. Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі 10 жеңісінің алтауын нокаутпен аяқтаса, оның қарсыласы 15 жеңісінің төртеуін нокаутпен тәмамдап, бір жекпе-жегін сәтсіз өткізген.

Қазір оқып жатыр

Қытайға белшеден қарыз. Полипропилен НЕГЕ өзін ақтамай жатыр?

.

Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтті

Садақ ату

Алматыда зейнеткерді алаяқтардан құтқарған курьер марапатталды

Курьер красавчик

ФСБ Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялады

Павел Дуров