USD
USD
USD

Данияр Елеусінов IBF тізімінен шығып қалды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санатындағы боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

 Данияр Елеусінов IBF тізімінен шығып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екінші орта салмақта қазақстандық боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов сәйкесінше төртінші және бесінші орындарды сақтап қалды. Әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес, алғашқы екі қатар бос тұр, үшінші орын ресейлік Евгений Шведенкоға тиесілі.

Чемпиондық белбеу Геннадий Головкинге тиесілі орта дивизионда Мейірім Нұрсұлтанов 14-ші болып қалды. Рейтингте бірінші орында бразилиялық Эскива Фалькао, екінші орында австралиялық Майкл Зерафа, үшінші орында неміс Патрик Войчицки.

Жартылай орта салмақта 15-ші қатарға жайғасқан Данияр Елеусінов рейтинг кестесінен шықты. Сұлтан Зәуірбек екінші жеңіл салмақтағы рейтингте 11-ші орынды сақтап қалды. Бұл санаттағы чемпиондық белбеу жапондық Кеничи Огаваға тиесілі болса, үздік үштікті Шавкат Рахимов (Тәжікстан), Зелфа Барретт және Джозеф Кордина (екеуі де Ұлыбритания) еншіледі.

Қазір оқып жатыр

Әр облыс жастар ипотекасы үшін бюджетінен 1 млрд теңге бөлу керек – «Әділет» кандидаты нақты ұсыныс айтты

.

Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады

.

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Мекеме

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries