USD
USD
USD

Данияр Елеусінов IBF титулымен марапатталды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов IBF титулымен ресми түрде марапатталды.

Данияр Елеусінов IBF титулымен марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental чемпионы титулымен ресми түрде марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті Данияр Елеусінұлы! IBF сізді жартылай орта салмақтағы Intercontinental титулымен марапаттау құрметіне ие. 2020 жылдың 27 қарашасында Флорида штатының Голливуд қаласында Джулиус Индонгоны жеңгеніңіз, сіздің нағыз чемпион екеніңізді бүтін әлемге дәлелдейді. Осы беделді марапатты қабыл алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз және сіз IBF титулын үлкен құрметпен, адалдықпен алып жүретініңізге сенімдіміз. Уақыты келгенде міндетті қорғау жекпе-жектері бойынша хабарласатын боламыз. Құрметпен, (IBF) төрағасы Карлос кіші-Ортис», - делінген Халықаралық бокс федерациясының төрағасы К. кіші-Ортистің ресми хатында.

Хаттың скриншотын Д.Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев өзінің Instagram-сторисінде жариялады.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы