USD
USD
USD

Данияр Елеусінов әлем чемпионы атануы мүмкін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов толыққанды әлем чемпионы атану мүмкіндігіне ие болды – Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы жартылай орта салмақтағы IBO белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл туралы боксшының менеджері Зия Әлиев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

Данияр Елеусінов әлем чемпионы атануы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сенсация болатын жаңалығымыз бар. Оны барша қазақстандық бокс жанкүйерімен бөлісеміз. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов биыл тарихта қалады. Ол жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша негізгі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанның Jekpe-Jek аренасында өтеді. Бұл бокс кеші Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, еліміздің барша азаматы үшін баға жетпес сыйлық болары хақ. Бұл - Қазақстанның үздік боксшылары жұдырықтасатын әлемдік деңгейдегі бокс кеші. Данияр әлем чемпионы болу үшін негізгі жекпе-жекте бар күшін салады. IBO ресми түрде растады. Қарсыластың есімі жақын арада белгілі болады, ресми мәлімдеме жасаймыз», – деді Зия Әлиев.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда үлкен бокс кеші өтеді. Елеусінов кәсіпқой бокстағы қазақстандық бесінші әлем чемпионы болуы мүмкін. Бұған дейін Геннадий Головкин (қазіргі – IBF, IBO), Бейбіт Шүменов, Жанат Жақиянов және Василий Жиров әлем чемпионы атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова