USD
USD
USD

Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновтің жұбайы Саида Елеусіноваға қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Данияр Елеусінов
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Астана, NEGE. Бірінші сатыдағы сот олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жары Саида Елеусінованы ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Ұрып-соғу) бойынша кінәлі деп танып, 100 АЕК, яғни 432,5 мың теңге айыппұл тағайындаған.

Сонымен қатар ол екі жәбірленушінің әрқайсысына моральдық зиянды өтеу үшін 500 мың теңгеден және өкіл қызметіне кеткен шығын ретінде 1 млн теңге төлеуге міндеттелген.

Сот үкімімен келіспеген қорғаушы апелляциялық шағым түсірген. Алайда Саида Елеусіноваға тағайындалған жаза өзгерген жоқ.

«Сот алқасы сотталушы қорғаушысының апелляциялық шағымы бойынша келіп түскен қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қайта қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бірінші сатыдағы соттың үкімі заңды күшіне енді», – деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін боксшы Данияр Елеусіновтің жары Саида Елеусінова екі әйелге жұдырық жұмсады деп айыпталған болатын. 

Іс материалдарына сәйкес, жанжал 2026 жылғы 27 қаңтарда кешкі уақытта болған. Елеусінова екі әйел тұратын пәтерге атасының қорланғанына қатысты мән-жайды анықтау үшін барған. Әңгіме барысында жанжал туып, ол екі жәбірленушіге күш қолданған деп айыпталды.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ