USD
USD
USD

Данияр Елеусінов WBC Peace белбеуін иеленді

Данияр Елеусінов Алматыда өткен бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнаймен (23-4-2, 11 КО) жұдырықтасты.

Данияр Елеусінов
Фото: QazSport

Алматы, NEGE. All Stars Boxing кешінің басты жекпе-жегінде отандасымыз филипиндық Джо Нойнайды (23-5-2, 11 КО) 5-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Кездесу жартылай орта салмақта өтіп, 9 раундқа есептелген еді. Бесінші раундтан соң Нойнай Даниярдың соққыларына шыдай алмай жұдырықтасудан бас тартты. Сондай-ақ филиппиндік бірінші және төртінші раундттарда нокдаун алды.

Данияр Елеусінов өзінің кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізіп, WBC Peace белдігін жеңіп алды. Ал Джо Нойнай бесінші рет жеңіліске ұшырады.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) бокстан 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ол 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы