USD
USD
USD

Дания спорттық гимнастикадан 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Дания гимнастика федерациясының (DIF) 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізуден бас тартқанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дания спорттық гимнастикадан 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізуден бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жоспар бойынша спорттық гимнастикадан 2021 жылғы әлем чемпионаты Копенгагеннің Королева аренасында 18-24 қазан күндері өтуі тиіс еді. 

FIG Атқарушы комитеті мұндай шешімге "өкініш білдіріп, көңілдері қалғанын" жеткізген. Осы жағдайға байланысты халықаралық федерация келесі жылы әлем біріншілігін өткізетін елге іздеу салып, жағдайды тез арада реттеуге кірісетінін айтқан.  Айта кетерлігі, Дания астанасы Копенгаген әлем біріншілігін өткізу құқығын 2018 жылы әлем чемпионатында ұтып алған болатын.

Спорттық гимнастика бойынша әлем чемпионаты жыл сайын ұйымдастырылады. Тек, Олимпиада ойындары өтетін жылы ғана болмайды.

Қазір оқып жатыр

200 мың доллар және миллиондаған рубль: шекарада қолма-қол ақшаны заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік